
2024 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасының Беларустегі Елшісі Тимур Жақсылықов БИСИ директоры Олег Макаровпен және институт қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Беларустің жетекші "Ми орталықтары" арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейі мен маңыздылығын атап өтті. Талдамалық қызметте заманауи IT-технологияларды қолдану тәжірибесін талқылады. БИСИ өкілдері іске асырылып жатқан зерттеу жобалары, жас талдаушылар форумына дайындық және басқа да жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді.
Қазақстан Елшісі институт басшылығына Елшілік ұйымдастырған қазақ-беларусь ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша сараптамалық пікірталастарға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар БИСИ мен Қазақстанның дипломатиялық миссиясы арасындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.