Минск, 2024 жылғы 19 қазан - Қазақстанның Беларустегі Елшілігі мен Абай облысы әкімдігінің қолдауымен 17 қазанда Беларусь Мемлекеттік музыка академиясында Республика күні - ұлттық мереке қарсаңында домбыра кеші өтті.
Академия сахнасында күйші-композитор, Әміре Қашаубаев атындағы Мемлекеттік филармонияның директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айбек Бекбосын, әнші, филармония директорының орынбасары Нұрбек Өмірбеков, филармонияның солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мапруза Утуленова және Абай облысының «Дала сазы» Этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетті. Концертке домбырада қазақ ұлттық музыкасын орындаған академия студенттері де қатысты.
Орындаушылар ұсынған көп қырлы этникалық музыка мен қазақтың басты аспабы – домбыраның үні шырқалған концерттік бағдарлама Беларусь халық шығармашылығының білгірлері мен жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері арасында кең үндеу тапты.
18 қазанда академия студенттері үшін Қазақстаннан келген қонақтар домбырада шеберлік сабағын ұйымдастырды.