ҚР ОСК референдум нәтижелерін жариялады

ҚР ОСК референдум нәтижелерін жариялады

Астана, 2024 жылғы 8 қазан, Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Республикалық референдум қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысы өтті.

ОСК ақпараты бойынша, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады.

2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша бүкілхалықтық дауыс беруге 7 миллион 820 мың 204 адам немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66% қатысты. Дауыс беруге референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі қатысты. Осылайша, «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31-бабына сәйкес референдум өтті деп есептеледі.

Еліміздің барлық өңірлерінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың 71,12%-ы немесе 5 миллион 561 мың 937 адам Қазақстанда атом электр станциясын салуға дауыс берді.