Қазақстандық «Стратегиялық маңызы бар ауыл» фильмі «Еуразия.DOC» ТМД елдерінің деректі киносының VIII кинофестивалінде кіші Отан тақырыбындағы авторлық көзқарас үшін арнайы дипломмен марапатталды

Қазақстандық «Стратегиялық маңызы бар ауыл» фильмі «Еуразия.DOC» ТМД елдерінің деректі киносының VIII кинофестивалінде кіші Отан тақырыбындағы авторлық көзқарас үшін арнайы дипломмен марапатталды

Қазақ режиссері Болатхан Нүсімбековтің «Стратегиялық маңызы бар ауыл» фильмі қыркүйекте Минск қаласында өткен «Еуразия.DOC» ТМД елдерінің деректі киносының VIII кинофестивалінде кіші Отан тақырыбындағы авторлық көзқарас үшін арнайы дипломмен марапатталды.

Қазақстан өкілдері дәстүрлі түрде конкурстық бағдарламаға және фестивальді өткізуге қатысады. Биыл Т.Қ.Жүргенова атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ» факультетінің «Экрандық өнер» кафедрасының доценті (Алматы), режиссер Ерлан Ақшалов қазылар алқасының құрамында болды.

2022 жылғы фестивальде Қазақстандағы «Қанды қаңтар» оқиғасына арналған қазақ режиссері Серік Ибраимнің фильмі арнайы дипломмен марапатталды.