Қазақстанның Беларустегі Елшісі Тимур Жақсылықов Қытай Халық Республикасының Беларустегі Елшісі Чжан Вэнчуанмен кездесті

Қазақстанның Беларустегі Елшісі Тимур Жақсылықов Қытай Халық Республикасының Беларустегі Елшісі Чжан Вэнчуанмен кездесті

Минск, 2024 жылғы 4 қазан - Қазақстанның Беларустегі Елшісі Тимур Жақсылықов Қытай Халық Республикасының Беларустегі Елшісі Чжан Вэнчуанмен кездесті.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін, сондай-ақ тараптардың екі елдің көп қырлы өзара іс-қимылын нығайтуға және дамытуға деген ұмтылысын атап өтіп, «Бір белдеу, бір жол» жобасын дамыту және басқа да өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.