Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов «Беларусь бүгін» баспа үйінің директоры - бас редактор Дмитрий Жукпен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов «Беларусь бүгін» баспа үйінің директоры - бас редактор Дмитрий Жукпен кездесу өткізді

Минск, 2024 жылғы 2 қазан - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов «Беларусь бүгін» баспа үйінің директоры - бас редактор Дмитрий Жукпен кездесу өткізді.

Қазақстан Елшісі «Беларусь бүгін» баспа үйінің басшылығына а.ж. қыркүйекте Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында, сондай-ақ Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша алдағы республикалық референдумда қазақ-белорус қатынастарын дамыту мәселелерін жариялауға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігі мен «Беларусь бүгін» баспасы арасындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды. Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы жылдарында Беларусь жерінде соғысқан қазақстандық жауынгерлерге арналған арнайы бірлескен интернет-жобаны іске асыру талқыланды.

Т.Жақсылықов пен Д.Жук Беларустің ақпараттық өрісін саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-белорус қатынастары туралы сапалы жарияланымдармен қамтамасыз ету мәселелерінде одан әрі жемісті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.