
Минск, 2024 жылғы 23 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов Минск қалалық Атқару комитетінің Төрағасы Владимир Кухаревпен кездесу өткізді.
Тараптар өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ Астана мен Минск арасындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды. Атап айтқанда, екі республиканың астаналарында - Минскідегі «Қазақстан кварталы» және Астанадағы «Беларусь Кварталы» көппәтерлі тұрғын аудандарын салудың бірлескен жобасын іске асыру процесі талқыланды.
Кездесуде екі елдің бизнес-қауымдастықтары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тараптар сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация, сауда байланыстарын тереңдету, сондай-ақ серіктестік үшін жаңа көкжиектер ашатын мәдени-гуманитарлық қатынастарды нығайту перспективаларын талқылады.
Кездесу соңында Т.Жақсылықов пен В.Кухарев екіжақты ынтымақтастықтың зор әлеуетінің бар екендігіне және оны одан әрі белсенді және жүйелі дамыту қажеттігіне сенім білдірді.