
Минск, 2024 жылғы 11 қыркүйекте - Қазақстанның Беларустегі Елшісі, ТМД Жарғылық органдары жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Тимур Жақсылықов Еуропалық Одақтың Беларусь Республикасындағы Өкілдігінің басшысы Стен Нерловпен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен ЕО арасындағы өзара іс-қимыл және жан-жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кездесу соңында Т.Жақсылықов пен С.Нерлов Қазақстан мен Еуроодақтың табысты ынтымақтастығын жалғастыруға сенім білдірді.