Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов пен Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитетінің Төрағасы Владимир Орловскийдің кездесуі өтті

Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов пен Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитетінің Төрағасы Владимир Орловскийдің кездесуі өтті

Минск, 2024 жылғы 11 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов пен Беларусь Республикасының Мемлекеттік кеден комитетінің Төрағасы Владимир Орловскийдің екіжақты кездесуі өтті.

Кездесу барысында екі елдің экономика саласындағы, оның ішінде тараптардың кеден органдарының қызметі аясындағы өзара іс-қимыл жөніндегі перспективалық міндеттері талқыланды.

 Сондай-ақ, көршілес тараптың бірқатар өткізу пункттерінің жабылуына байланысты Еуроодақпен шекарада қазақстандық тасымалдаушылар үшін туындайтын мәселелер және үшінші ел азаматтарына Беларусь-Ресей шекара учаскесін жер үсті көлігімен кесіп өту кезіндегі шектеулер туралы мәселелер талқыланды.

 Кездесу қорытындысы бойынша - тауар айналымын ұлғайтуға жәрдемдесу мақсатында барлық кедергілерді жою жөнінде бірлесіп шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды.