Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов «МАЗ» ААҚ басшысы Валерий Иванковичпен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов  «МАЗ» ААҚ басшысы Валерий Иванковичпен кездесу өткізді

Минск, 2024 жылғы 9 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов «Белавтомаз» холдингінің Басқарушы компаниясы - «МАЗ» ААҚ басшысы Валерий Иванковичпен кездесу өткізіп, Минск автомобиль зауытының әлеуетімен танысты.

Кездесу барысында тараптар машина жасау саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, сондай-ақ Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу барысында зауыт басшылығы Қазақстан Елшісіне алдағы жылдарға арналған ағымдағы өндірістік процестер, жаңа әзірлемелер мен даму стратегиялары туралы ақпарат берді. Қазақстанға «МАЗ» ААҚ өнімдерінің экспортын кеңейту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Қазақ дипломаты Қазақстан мен Беларусь арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның «МАЗ» сияқты жетекші Беларусь кәсіпорындарымен экономикалық байланыстарды нығайтуға мүдделілігін атап өтті. Сондай-ақ автомобиль саласында бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған нақты бастамаларды пысықтауға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Автозауыт басшылығы өз кезегінде қазақстандық компаниялармен әріптестікті одан әрі тереңдетуге қызығушылық білдіріп, автомобиль техникасын бірлесіп өндіру және экспорттау мүмкіндіктеріне назар аударды.

МАЗ - Беларуссиядағы ең ірі автомобиль өндірушілерінің бірі, жүк көліктерімен, жолаушылар автобустарымен және арнайы техникасымен танымал.