
Минск, 2024 жылғы 23 шілде - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жарғылық органдары жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Жақсылықов Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Игорь Назарукпен кездесті.
Кездесу қатысушылары Қазақстан-Беларусь қатынастарының даму динамикасына оң баға берді, екінші жартыжылдыққа жоспарланған іс-шаралардың жоғары қарқындылығын атап өтті, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу барысында іс-шараларды аса жоғары және жоғары деңгейлерде дайындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.