Қазақстан Елшісі БҰҰ-ның Беларусь Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісімен кездесті

Қазақстан Елшісі БҰҰ-ның  Беларусь Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісімен кездесті

Минск, 2024 жылғы 10 шілде - Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі, Қазақстан Республикасының ТМД Жарғылық органдары жанындағы Тұрақты өкілі Тимур Жақсылықов БҰҰ-ның Беларусь Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі Расул Багировпен кездесті. 

Сұхбаттасушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысы А.Гутерриштің Астанадағы ШЫҰ саммиті аясында өткен келіссөздерінің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан және БҰҰ-ның өзара іс-қимылы мен жан-жақты ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.

Қазақстан тұрақты жаһандық бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ұйым қағидаттарын ұстанатын БҰҰ-ның белсенді мүшесі және сенімді серіктесі болып табылады.

Кездесу соңында Т.Жақсылықов пен Р.Багиров Қазақстан мен БҰҰ арасындағы табысты ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді.