Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі, ТМД Жарғылық органдары жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Тимур Жақсылықов ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедевпен жұмыс кездесу өткізді

Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі, ТМД Жарғылық органдары жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Тимур Жақсылықов ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедевпен жұмыс кездесу өткізді

Минск, 2024 жылғы 1 шілде - ТМД Жарғылық органдары жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметіне кірісуіне байланысты Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Жақсылықов ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедевпен кездесті.

Тараптар ТМД шеңберіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, Достастық кеңістігінде көпжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мен дамытуға бейілділігін растады. 2024 жылғы қазанда өтетін ТМД жоғары органдарының отырыстарын дайындауға ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында С.Лебедев қазақстандық дипломатқа сәтті және табысты жұмыс тіледі.