
Минск, 2024 жылғы 1 шілде - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Максим Рыженковпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстандық-белорус ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Алдағы екіжақты және көпжақты сипаттағы іс-шараларға ерекше назар аударылды.
Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Беларусь арасындағы қатынастардың жоғары деңгейін, сондай-ақ көпжақты қазақстандық-белорус ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға және дамытуға өзара мүдделілігін растады.