Қазақстан Елшісі Беларусь Сыртқы істер министріне сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Қазақстан Елшісі Беларусь Сыртқы істер министріне сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Минск, 2024 жылғы 26 маусым - Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Сергей Алейникке сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті. Беларусь сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан Елшісін дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, оған табысты жұмыс тіледі.

Кездесу барысында Тимур Жақсылықов Қазақстан екі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында стратегиялық серіктестік пен өзара тиімді ынтымақтастық рухында табысты дамып келе жатқан Қазақстан-Беларусь қатынастарын дамытуға маңызды мән беретінін атап өтті.

Сұхбаттасушылар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.

Сұхбат соңында тараптар екі ел арасындағы серіктестік өзара іс-қимыл мен достық байланыстарды одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.