Гродно қаласында өткен Ұлттық мәдениеттердің XIV-ші республикалық фестивалінде қазақ халқының бай мәдени мұрасы ұсынылды

Гродно қаласында өткен Ұлттық мәдениеттердің XIV-ші республикалық фестивалінде қазақ халқының бай мәдени мұрасы ұсынылды

Гродно, 2024 жылғы 7-9 маусым – Гродно қаласында өткен Ұлттық мәдениеттердің XIV-ші республикалық фестивалі барысында қазақ диаспорасы Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің қолдауымен қазақ халқының бай мәдени мұрасын таныстырды.

Республикалық фестивальге «Ата-Мекен» халықаралық қоғамдық бірлестігінің өкілдері мен Беларусьтің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер қатысты. Беларусь Республикасының Мәдениет министрлігі, Республикалық ұлттық мәдениеттер орталығы, сондай-ақ Гродно облыстық атқарушы комитеті ұйымдастырған іс-шараға Беларусьтің әр өңірінен келген 36 ұлттың 1000-ға жуық өкілі жиналды.

Фестиваль театрландырылған шеруден басталды, оның ішінде ұлттық рәміздер мен дәстүрлі киімдерін киген қазақ диаспорасының өкілдері өздерінің музыкалық, хореографиялық және аспаздық өнерлерін паш етті.

Сол күні қаланың бас сахнасында Гала-концерт өтті. Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығының «Әдеп» тобының жетекшісі, «Еңбек даңқы» медалінің иегері, Қазақстан Республикасы мәдениет үздігі Қуанышгүл Серікбаева қазақтың белгілі ақыны Қадыр Мырзалиевтің «Қазақ осы» әнін орындады.

Фестивальдің екінші күні Гродно көшелерінде 19 ұлттық аула ұсынылды. Фестиваль қонақтары мен қатысушылары қазақ ауласының қонақжайлығына тәнті болды. Қазақ диаспорасының өкілдері мен қазақстандық студенттер Беларусь тұрғындарына қазақ халқының салт-дәстүрлері, тарихы мен қолөнері туралы айтып берді. Қазақ ауласында ұлттық әндер мен жырлар шырқалып, байқаулар, билер мен шеберлік сабақтар  өтті.

Фестиваль қонақтары үшін ең тартымдысы ұлттық қазақ дастарханы болды. Мыңнан астам адам қазы, бауырсақ, самса, құрт, жент, сүзбе, қазақстандық шоколадтар және т. б. сияқты ұлттық тағамдар мен тәттілерден дәм татты.

Іс-шара соңында «Ата-мекен» халықаралық қоғамдық бірлестігі «Фестивальдің үздік шеруі мен үздік ауласы» үшін құрмет грамотасымен марапатталды.