
Минск, 2024 жылғы 6 маусым - Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Ерлан Байжанов дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Сергей Алейникпен кездесті.
Министр Елшіге Беларусь-Қазақстан қатынастарын нығайтуға, саяси байланыстарды жандандыруға және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге қосқан жеке үлесі үшін алғысын білдірді.
Сұхбаттасушылар Қазақстан мен Беларусь арасындағы саяси қатынастардың жоғары деңгейін растады, екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдың оң динамикасын, сондай-ақ көп қырлы Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын одан әрі нығайту мен дамытуға өзара мүдделілігін атап өтті.