Қазақстан Елшісі Минсктегі Иран Елшілігінде болып, көңіл айтты

Қазақстан Елшісі Минсктегі Иран Елшілігінде болып, көңіл айтты

Минск, 2024 жылғы 22 мамыр – Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Ерлан Байжанов Минсктегі Иран Ислам Республикасының Елшілігінде болып, Иранның Елшісі Алиреза Санеиге Иранның Президенті Ибрахим Раисидің, Сыртқы істер министрі Хосейн Әмір-Абдоллахиянның және үкімет делегациясы мүшелерінің қайғылы қазасына байланысты көңіл айтты.

 «Біз достас Иран халқымен бірге қайғырамыз және орны толмас қайғыға  ортақтасамыз», - деп Ерлан Байжанов көңіл айту кітабына жазба қалдырды.