Қазақстан Елшісі Е.Байжанов Беларусь Сыртқы істер министрінің орынбасары И.Назарукпен кездесті

Қазақстан Елшісі Е.Байжанов Беларусь Сыртқы істер министрінің орынбасары И.Назарукпен кездесті

Минск, 2024 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Байжанов Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Игорь Назарукпен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты қатынастардың, сондай-ақ көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар Қазақстан-Беларусь қарым-қатынастарының даму динамикасын оң бағалап, биылғы жылға жоспарланған іс-шаралардың жоғары қарқындылығын атап өтті және екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі арттырудың маңыздылығы туралы ортақ пікір білдірді.