Минскте іскерлік кездесу өтті

Минскте іскерлік кездесу өтті

Минск, 2024 жылғы 28 наурыз - Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі Минск қаласының Фрунзен ауданы әкімшілігінің қолғабысымен Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі Фрунзен ауданы жетекші кәсіпорындарының өкілдерімен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында Елшіліктің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Умар Қизатов Қазақстанның экономикалық жетістіктері мен қолайлы инвестициялық ахуалы, экономиканы әртараптандыру жөніндегі үкіметтік шаралар, елдің транзиттік әлеуеті туралы айтып берді.

- Үкімет шетелдік инвесторларға бизнес жүргізу үшін тартымды жағдайлар ұсына отырып, бизнес-ортаны жақсарту бойынша жұмысты жалғастыруда, бұл өз кезегінде экономиканың өсуіне және халықаралық байланыстардың нығаюына ықпал етеді, - деді ол. - Қазақстан арқылы 11 транзиттік дәліз өтеді. Біз ЕАЭО, Қытай, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдерін қоса алғанда, негізгі нарықтарға тікелей қол жеткізе аламыз.

Минск компаниялары қазақстандық дипломаттар үшін мазмұнды презентациялар өткізді, онда олардың әртүрлі өнімдері, инновациялық жетістіктері мен жоғары сапасы ұсынылды. Осы кәсіпорындардың кейбіреулері қазақстандық серіктестермен табысты ынтымақтасуда, ал басқа компаниялар елімізбен сауда-экономикалық қатынастар орнатуға ниетті.

Елдер арасындағы стратегиялық серіктестік экономикалық және кооперациялық байланыстарды кеңейту үшін жаңа перспективалар ашады, ал Қазақстан үнқатысу жүргізу үшін ашық, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және IT-саланы қоса алғанда, ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша Беларусь бизнесмендерінің ұсыныстарын қарастыруға дайын.

Бұл тұрғыда екі елдің бизнесі арасында тікелей байланыс орнатудың тиімді құралы болып табылатын Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі белорус-қазақстандық үкіметаралық комиссияның және Іскерлік кеңестің рөлі атап өтілді.