
Минск, 2024 жылғы 2 ақпан - Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Ерлан Байжанов Минск облысында орналасқан «Великий Камень» индустриалды паркте болды.
Сапардың мақсаты Қытай мен Беларусь арасындағы арнайы келісім негізінде құрылған осы индустриялық аймақты ұйымдастыру қағидаттарымен танысу, инновациялар мен жоғары технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағын зерделеу болды. Қазақстандық дипломаттар инвесторларға кешенді қызмет көрсетілетін орталығында болып,, парктің бас кварталын және оның инфрақұрылымын аралады.
«Великий камень» индустриалды паркі әкімшілігінің басшысы Александр Ярошенко, парктің қалыптасуы, қызметін құқықтық қамтамасыз ету, инвесторларға берілетін жеңілдіктер мен преференциялар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Парк жұмыс істеген жылдары инвестиция көлемі 815 миллион АҚШ долларын құрады. А.Ярошенко қазақстандық инвесторларды тартуға қызығушылық білдірді.
Қазақстандық дипломаттар белорус Aviation Technologies and Complexes компаниясында болды, бұл компания өзінің озық әзірлемелерін, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) және гирокоптерлерді (миниатюралық басқарылатын ұшу аппараттарын) ұсынды. Бұл заманауи машиналар экономиканың әртүрлі салаларында жоғары сұранысқа ие.
Квадрокоптер, атап өтілгендей, ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қоса алады, егістік өнімділігін бақылау, дақылдарды өңдеу және үлкен аумақтарда жоғары дәлдік пен тиімділікпен ресурстарды басқару үшін озық шешімдерді ұсынады.
Гирокоптерлер денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар министрлігі және шекара қызметі салаларында қолданылуы мүмкін, қол жетпейтін аудандарда құтқару жұмыстары мен медициналық көмектің тиімділігін арттыру үшін зор әлеуетке ие.
Сапарда қазақстандық дипломаттар үшін есте қалатын сәттерінің бірі «Ястреб» гирокоптермен «Великий камень» индустриалды парк аумағының үстінен ұшу болды.