
Минск, 2024 жылғы 30 қаңтар - М.Танка атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінде Беларусьті неміс-фашистік басқыншылардан азат етудің 80 жылдығына орай, белорус халқының жауынгерлік және еңбек даңқы орындарына халықаралық 59-шы «Жұлдызды жорық» басталды.
6 елді (Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан) қамтыған 250-ден астам студенттер мен ұстаздар Минск облысының Борисов, Вилейск, Воложин, Крупск, Логойск, Молодечный, Слуцк, Смолевич, Солигорск, Столбцов аудандарына және Жодино қаласына жорыққа аттанады. Жорық барысында студенттер мен ұстаздар соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесіп, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер мен бейбіт тұрғындардың бейіттеріне гүл шоқтарын қояды, Беларусь елінің тарихи орындары мен аудандардың жетекші кәсіпорындарымен танысады. Білім беру мекемелерінде жорық қатысушылары үшін кездесулер, дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
Биылғы жылы «Жұлдызды жорыққа» Қазақстан Республикасынан академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері мен ұстаздары қатысуда.
«Жұлдызды жорықтың» салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің өкілдері қатысты.