Могилевте белорус кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Могилевте белорус кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Могилев, 2024 жылғы 26 қаңтар – Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Ерлан Байжанов Могилев еркін экономикалық аймағы алаңында өткен «Қазақстан мен Могилев облысы арасындағы тұрақты серіктестік» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Қазақстанның құрметті консулы Сергей Демяшкевичтің көмегімен ұйымдастырылған кездесуге Могилев облысындағы ірі компаниялардың басшылары қатысты. Могилев облысының кәсіпорындары өздерінің заманауи өнеркәсіптік және технологиялық мүмкіндіктерін ұсынды.

Дөңгелек үстел екі ел арасындағы одан әрі сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылайтын алаңға айналды. Елші Е.Байжанов Қазақстан шикізаттық модельден алшақтап, жаңа экономикалық құрылымға жүйелі түрде көшіп жатқанына назар аударды. Өңдеу дәрежесі жоғары салаларды дамыту күшейтілуде.

«Соңғы 5 жылда өнеркәсіп құрылымында айтарлықтай өзгерістер болды. Қазіргі таңда өңдеу өнеркәсібінің көлемі өндіруші өнеркәсібінің көлемімен теңестірілді және өсіп келеді», - деп атап өтті Елші.

Қазақстан төмен бағаны қамтамасыз ету арқылы отандық шикізат өңдеушілеріне қолдау көрсету үшін елеулі шаралар қабылдауда. Өңдеу өнеркәсібінің жаңа өндірістері үш жылға салықтан босатылып, өңдеуші өнеркәсіп сегментіндегі жаңа өндірістерге елде өндірілмейтін жабдықтарды импорттауға қатысты жеңілдіктер қарастырылған.

Қазақстандық дипломат Могилев облысы кәсіпорындарының ауқымдылығы мен технологиялық жабдықталуын айта келе, Қазақстан мен Могилев облысы арасындағы серіктестіктің одан әрі дамитынына, оның ішінде өнеркәсіптік кооперация саласында жаңа жобалардың құрылатынына сенім білдірді.

Могилев облысы Атқарушы комитетінің орынбасары Руслан Страхар Қазақстан мен Могилев облысы арасындағы өзара іс-қимыл сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға орасан зор әлеуетке ие екенін атап өтті. Біз бірлескен кәсіпорындарды құру және экспорт-импорт операцияларын кеңейту туралы айтып отырмыз, бұл екі тарап үшін жаңа көкжиектерді ашады, - деп сөзін аяқтады ол.