Қазақстан мен Беларусь білім беру ынтымақтастығын тереңдетуге ниетті

Қазақстан мен Беларусь білім беру ынтымақтастығын  тереңдетуге ниетті

Минск, 2024 жылғы 17 қаңтар - Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Ерлан Байжанов Беларусь мемлекеттік университетінің ректоры Андрей Корольмен кездесті.

Сұхбат барысында білім беру саласындағы қазақстандық-белорус ынтымақтастығының өзекті мәселелері: бірлескен білім беру жобаларды іске асыру, академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша алмасу, Қазақстан мен Беларусь жоғары оқу орындары ректорларының I форумын өткізу сияқты басым бағыттар бойынша оны тереңдету мүмкіндіктері талқыланды.

Ректор А.Король БМУ-дың қазақстандық жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылына тоқталып, олармен жасалған келісімдерді жаңа мазмұнмен және инновациялық жобалармен толтыруды, атап айтқанда Қазақстанда БМУ филиалын ашуды жақтады.

Е.Байжанов сәуір айында Түркістан қаласында өтетін «Алтын Орда және оның мұрасы» халықаралық конференциясына белорус тарихшыларының қатысуы және Беларусь мемлекеттік университетінің волонтерлік орталығы мен Қазақстанның жастар ұйымдары арасында ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.