Минск, 2023 жылғы 14 желтоқсан - Беларусь Республикасының Ұлттық баспасөз орталығында Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Ерлан Байжановтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған пресс-конференциясы өтті.
Шақырылған журналистерге Президент Қ.Тоқаевтың соңғы президенттік сайлаудан бергі өткен жылдағы қызметі туралы және Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалардың мәнін ашатын көлемді материал таратылды.
Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Елші Е.Байжанов Қазақстан мен Беларусь арасындағы екіжақты қарым-қатынастар саласында болып жатқан үдерістерге егжей-тегжей тоқталып, экономикалық байланыстарды тереңдету перспективаларына және мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылдың маңыздылығына тоқталды. Ол келесі жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Президентінің Минск қаласына ресми сапары жоспарланғанып отырғанын атап өтті.
Еліміздің сыртқы саясатының ерекшеліктері мәселесі бойынша Елші көршілес елдермен, ең алдымен Ресеймен, ТМД елдерімен, Қытаймен, сондай-ақ Батыс елдерімен нәтижелі диалог жүргізуге, аймақтағы тұрақтылықты сақтауға және жаһандық мәселелерді шешуге қатысуға мүмкіндік беретін көпвектор сипатына тоқталды.
Баспасөз конференцияның толық видеосын келесі сілтемеден көруге болады. https://www.youtube.com/watch?v=ICifCX1Ii-s&t=2856s