
20 қазанда Минскте Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Ерлан Байжанов Венгрияның Беларусьтегі Елшісі Зита Илона Бенчикпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Венгрия екіжақты ынтымақтастығы, халықаралық күн тәртібі мәселелері бойынша пікір алмасып, өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша байланыстарды жалғастыруға ниет білдірді.