
Минск, 2023 жылғы 2 қазан - Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі, Қазақстан Республикасының ТМД Жарғылық органдары жанындағы Тұрақты өкілетті өкілі Ерлан Байжанов Минсктегі Жарғылық және басқа да Достастық органдары жанындағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің кезекті отырысына қатысты.
Бұл отырыстың маңыздылығы осы айда Бішкек қаласында жоспарланған ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің, Үкімет басшылары кеңесінің және Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырыстары қарсаңында өтуімен айқындалады.
Отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер қатарында үш салалық кеңестің: Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің, Әділет министрлері кеңесінің және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің қызметін талқылау болды. Сонымен қатар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің мүшелері Еркін сауда туралы келісім ережелерін іске асыру барысы туралы есепті тыңдады, алдағы саммиттердің күн тәртібінің мазмұны бойынша пікір алмасты, сондай-ақ 31 қазанды - кездесу күні деп белгіледі.