Қазақстан Республикасының Елшісі Беларусь Сыртқы істер министріне сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Қазақстан Республикасының Елшісі Беларусь Сыртқы істер министріне сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Минск, 2023 жылғы 13 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Байжанов Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Сергей Алейникке сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті. Беларусь сыртқы саяси ведомствосының басшысы қазақстандық дипломатты қызметке тағайындалуымен құттықтады.

Кездесу барысында Е.Байжанов стратегиялық әріптестік пен өзара тиімді ынтымақтастық рухында қазақстандық-белорус қатынастарды дамытуға Қазақстан зор мән беретінін атап өтті.

Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың барлық салаларында және интеграциялық бірлестіктер форматында үдемелі даму екі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің, ортақ экономикалық мүдделерінің және  екі ел халықтары арасындағы дәстүрлі достық қатынастардың арқасында табысты жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Дипломаттар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аудара отырып, екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымын, бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады.

Сұхбат соңында тараптар екі ел арасындағы серіктестікті және достық байланыстарды одан әрі нығайтуға терең қызығушылық танытты.