Ерлан Сапарұлы Байжанов - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Ерлан Сапарұлы Байжанов - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Астана, 2023 жылғы 25 тамыз  - Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Ерлан Сапарұлы Байжанов 1962 жылы 8 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1985 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «журналист» мамандығы бойынша бітірді. 1988 жылы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесінің кандидаттық диссертациясын қорғады.

Еңбек жолын 1985 жылы шетелдерге арналған ҚазТАГ одақтық ақпараттың редакторы қызметінен бастаған. 1989-1991 жылдары С. Киров атындағы ҚазМУ аға оқытушысы, парламенттік шолушы, «Қазақстан кеңестері» газетінің редакция бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді, 1991-1996 жылдары жеке секторда қызмет атқарды.

1996-1997 жылдары Қазақстан СІМ Ақпарат және баспасөз бөлімінің бірінші хатшысы, меңгерушісі болды. 1997-2004 жылдары – Қазақстан Президентінің Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, Баспасөз қызметі басшысының орынбасары болды.

2004-2005 – ҚР Ресейдегі Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болды. 2005-2006 жылдары – ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі болды.

2006-2007 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі, ал 2007-2008 жылдары Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы болды.

2008-2014 жылдары «Арна Медиа «Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ Басқарма төрағасы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқарма төрағасы орынбасарының кеңесшісі, «Нұр-Медиа» холдингінің бас директоры, ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Төралқасы төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2014–2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі болды.

Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2019 жылғы мамырдан бастап Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі болды.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.

Француз тілін меңгерген.

https://t.me/PressMFAKZ