Беларусь Мемлекеттік музыка академиясында домбырашы қыздар ансамблі құрылды

Беларусь Мемлекеттік музыка академиясында домбырашы қыздар ансамблі құрылды

Минск, 2023 жылғы 5 маусым - Беларусь астанасындағы домбырада қазақ күйлері мен халық әндерін орындаушылардың жаңа шығармашылық ұжымының дүниеге келуі бірнеше сағаттың ішінде, дәлірек айтсақ Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының музыканттары Беларусь Мемлекеттік музыка Академиясының (БММА) Ішекті халықтық шымшу-ұрмалы аспаптар кафедрасының қызметкерлері мен тәрбиеленушілеріне онлайн форматта берген алғашқы шеберлік сыныбы барысында болды.

Өз педагогы, Ішекті халықтық шымшу-ұрмалы аспаптар кафедрасының доценті Надежда Лазутская бастаған жеті қыз қазақ мәдени аспабын зерттеуге бұған дейін – ҚР Мәдениет және спорт министрі 2022 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы мәдениет күндері аясында БММА-ға барып, салтанатты түрде оның ректорына домбыраның жеті концерттік аспабын тапсырған сәттен бастап кіріскенін айта кету керек. Содан кейін Үлкен залда жиналған Академия қызметкерлері мен студенттері қазақстандық домбыра музыкасының виртуоздарына таң қалды. Сод кезде бұл аспапты игеру идеясы пайда болды. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Беларусь Мемлекеттік музыка академиясы арасында білім беру және мәдени жобаларды іске асыру үшін кең ауқымды мүмкіндіктерді көздейтін ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Қазақстандық тарап домбыра тарихы, оның қазақ халқы үшін маңызы, көрнекті орындаушылар және осы аспаптың қазіргі жағдайы туралы әдістемелік құралдар мен теориялық материалдарды тапсырды.

Теориялық бөлім игерілгеннен кейін ғана Тараптар Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің бастамасымен және жәрдемдесуімен іске асырылатын үлкен бірлескен Қазақстан-Беларусь жобасының бөлігі болып табылатын «БММА-дағы домбыра күні» практикалық сабақтар туралы уағдаласты.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының проректоры Ғалия Бегембетова бұл жобаның екі халық үшін маңыздылығын атап өтіп, БММА басшылығына және оның барлық қатысушыларына қазақ музыкалық мәдениетіне және тікелей домбыра музыкасына қызығушылығы үшін алғысын білдірді.

Домбыра кафедрасының аға оқытушысы Әсел Аленова Беларусь музыканттарымен домбырада ойнаудың орындаушылық техникасының құпияларымен бөлісті, осы аспаптың толық дыбысталуын алу үшін оның әлеуетін барынша арттыру, ойынның екі техникасы – шертпе мен төкпе туралы егжей-тегжейлі айтып берді және оларды танымал күйлердің мысалдарымен көрсетті.

Оқыту өте нәтижелі болды, өйткені тыңдаушыларда мандолин мен белорустардың домре халық аспаптарында ойнайтын академиялық мектеп бар.

Бірінші шеберлік сыныбын қорытындылай келе, Беларусь музыканттары қазақтың «Еркем-ай» халық әнін орындап, Құрманғазы күйлерінің бірінің ашылу бөлімін үйренді.

Екінші онлайн сабақ 12 маусымда өтеді. Осы оқиғаны жариялай отырып, Беларусь домбырашы қыздар ансамблінің жетекшісі Надежда Лазутская шілденің бірінші жексенбісінде Қазақстанда атап өтілетін домбыра күніне дайындалып жатқан тосын сый туралы хабарлады.