Беларусьтегі Қазақстанның сайлау учаскелерінде Қазақстан Парламентінің Мәжілісіне сайлау басталды

Беларусьтегі Қазақстанның сайлау учаскелерінде Қазақстан Парламентінің Мәжілісіне сайлау басталды

2023 жылғы 19 наурызда Қазақстанда Қазақстан Парламенті Мәжілісінің (төменгі палатасы) және барлық деңгейдегі мәслихаттардың (жергілікті өкілді билік органдары) депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. 

Беларусьте Қазақстан азаматтары Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі жанынан ашылған №263 және Бресттегі консулдығы жанынан ашылған №298 сайлау учаскелерінде дауыс береді.

Сайлау учаскелеріндегі жұмыс таңғы сағат 07:00-де сайлау комиссияларының барлық мүшелері мен ТМД халықаралық байқаушыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны үнімен басталды.

Сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін Елшілік фойесінде дауыс беру ережелері орналастырылған, сайлау бюллетеньдерінің үлгілері, саяси партиялар және олардың бағдарламалары туралы ақпарат ұсынылған.

ОСК мәліметі бойынша сайлауға 7 саяси партия қатысуға рұқсат етілген. Бұл ретте Қазақстан бойынша бір мандатты округтер бойынша 609 кандидат ұсынылса, оның 525-і өзін-өзі ұсынғандар.

Мәжіліс депутаттарын сайлауда 12 миллион 32 мың 550 Қазақстан азаматы дауыс бере алады.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-ге дейін аяқталады.