
Минск, 2023 жылғы 13 наурызда – Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінде Қазақстанның Беларусьтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаев Беларусьтегі Швецияның Уақытша сенімді өкілі Ева Сундквистпен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан-Швеция ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. Сондай–ақ тараптар әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы аспектілердің кең ауқымын қарастырып, өзара мүдделі мәселелер бойынша пікір алмасты.