Қазақстандық дипломаттардың әйелдері Минск Халықаралық әйелдер клубының өкілдеріне бауырсақты әзірлеу сырларымен бөлісті

Қазақстандық дипломаттардың әйелдері Минск Халықаралық әйелдер клубының өкілдеріне бауырсақты әзірлеу сырларымен бөлісті

Қыстың соңғы күні Қазақстан Елшілігінде қазақтың ұлттық тағамы – бауырсақты әзірлеу бойынша шеберлік сабағы өтті. Басқосуға Беларусь Республикасында аккредиттелген дипломаттардың әйелдерін біріктіретін Минск Халықаралық әйелдер клубының мүшелері шақырылды.

Бауырсақ – қазақтың ғана емес, Орталық Азия және әлемнің бірқатар елдері халықтарының ұлттық тағамдарында кез келген дастарханның ажырамас бөлігі болып табылатын дәстүрлі, сүйікті ұн өнімі.

Дегенмен, әр ұлттың және әрбір әйелдің оны әзірлеуде өзіндік сырлары бар. Қазақстандық ас дайындау дәрісін Динара Қыстаубаева, Әсел Шуватова, Алмагүл Жақыпова, Гүлдерай Мұқашева, Айгүл Тасболатова, Дана Омарова және Гүлмира Мұқанова өткізді.

Олар өз рецепттерімен бөлісті - біреу ашытқыға, біреу айранға, ал келесі біреу майонезге қосып жасайтын көрінеді және бауырсаққа әркім өз қалауымен шар немесе ромб пішінді  бергенді жөн көреді. Қазақстандық ас дайындау шеберлері  бауырсақты кез келген өндірушінің ұнынан жасай алады, бірақ бауырсақтың ең жақсысы, ең тәттісі және хош иістісі қазақстандық ұнынан  алынатынын жасырмайды. Қонақтардың алдында әзірленген бауырсақтан дәм татқан арулардың барлығы бұған бірауыздан келісті.

Қонақтарға манты, чак-чак, самса, хворостан тұратын қазақтың дәстүрлі дастарханы ұсынылды.

Ыстық тағамдар әзірленіп жатқанда, Минск халықаралық әйелдер клубының өкілдері Елшіліктің «Қазақстан» залында болып, Ұлы Дала елі туралы ежелгі дәуірден бүгінге дейін сыр шертетін экспозициямен танысты. Елшілік қызметкерлері Қазақ хандығының тарихы, көне қалалар мен астаналар, Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күресі, КСРО құрамындағы республиканың күрделі кезеңдері мен жетістіктері туралы егжей-тегжейлі айтып, саяхат өткізді. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіне, Қазақстан мен Беларусьтің фашизмді жеңуге қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.

Біздің дәуірімізге дейінгі VII-I ғасырлардағы жерлеу орындарынан табылған артефактілердің Елшілікке белгілі қазақстандық суретші-реставратор, «Қырым аралы» ғылыми-реставрациялық зертханасының негізін қалаушы және басшысы Қырым Алтынбеков берген түпнұсқа көшірмелерінің экспозициясы, сондай-ақ ол ойлап тапқан археологиялық олжаларды консервациялау мен зерттеудің инновациялық әдісі қонақтардың шынайы қызығушылығын тудырды.

 Минск халықаралық әйелдер клубының өкілдері қазақ киіз үйінің ыдыс-аяқтары мен тұрмыстық бұйымдарын тамашалай отырып, көшпелі халықтардың өмірімен үлкен ынтамен танысты.

Қазақ халқының мәдениетін неғұрлым толық қабылдау үшін қонақтарға Гүлмира Мұқанованың орындауындағы музыкалық-поэтикалық композиция ұсынылды. Ол Абай поэзиясын оқу арқылы қазақ тілінің әсемдігі мен поэтикасын ашуға мүмкіндік берсе, ал Олжас Сүлейменовтің өлеңдері өзінің бейнесі мен эмоционалдық қарқындылығымен қатысушыларды таң қалдырды. Шығарма соңында заманауи авторлардың әні орындалды.

Минск халықаралық әйелдер клубы 1992 жылы Беларусь Республикасында аккредиттелген шетелдік өкілдер мен дипломаттар әйелдерінің бастамасымен құрылды. Клубтың негізгі мақсаты-қайырымдылық жасау, бірақ оның маңызды атқаратын миссияларының бірі өз мүшелерін Беларусьтің және болу елде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктері бар әртүрлі елдердің әдет-ғұрыптарымен, салт-дәстүрлерімен және тарихымен таныстыру болып табылады.