
ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ!
2023 жылғы 19 наурызда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Минск қаласындағы Қазақстанның Беларсуьтегі Елшілігі жанындағы №263 және Қазақстанның Брест қаласындағы консулдығы жанындағы №298 сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру өтеді.
18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір Қазақстан азаматының ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар. Бұл құқықты жүзеге асырудың кепілі Қазақстан Республикасы азаматының жарамды төлқұжатын көрсеткен кезде сіздің деректеріңіздің сайлаушылар тізімдерінде болуы болып табылады.
Минск қаласындағы Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі жанындағы №263 және Қазақстанның Брест қаласындағы консулдығы жанындағы №298 сайлау учаскелерінің сайлаушылар тізіміне Беларусь Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын барлық азаматтар Қазақстан Республикасы азаматының жарамды төлқұжатын көрсеткен кезде енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Беларусь Республикасының аумағында тұратын әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс телефоны) «Сайлау-2023» белгісімен келесі электрондық мекенжайға consul20minsk@gmail.com (Минск қ.) және brest- consul@tut.by (Брест қ.) алдын ала жолдау қажет.
Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:
+ 375 (17) 276-01-08; 8 (017) 276-01-09, 375 (17) 276 01 26 – Минск қаласы;
+ 375 (16) 258 35 00, +375 (25) 511-11-11 – Брест қаласы.