Минскте ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілдері кеңесінің кезекті отырысы өтті

Минскте ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілдері кеңесінің кезекті отырысы өтті

Минск, 2023 жылғы 31 қаңтар – ТМД Атқарушы комитетінде Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Аталған отырысқа ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев пен оның орынбасарлары, Тұрақты өкілдер кеңесінің мүшелері, сондай-ақ Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Асеин Исаев қатысты және ол Қырғыз Республикасының 2023 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында төрағалық ету тұжырымдамасымен және оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

Тұрақты өкілдер кеңесінің мүшелері Қырғызстанның төрағалық ету тұжырымдамасы және оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы ақпаратты назарға ала отырып, қырғыз тарапына ТМД шеңберінде интеграциялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсаттарына толық жауап беретін Тұжырымдаманы жүзеге асыруда табыс тіледі және қазақстандық төрағалықтың сабақтастығы қағидаты сақталатынына сенім білдірді.

Тұрақты өкілетті өкілдер 14 сәуірде Ташкентте өтетін ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібінің жалпы жобасын қалыптастырды, сондай-ақ Тұрақты өкілдер кеңесінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.

Тұрақты өкілдер кеңесінің келесі отырысы 2023 жылғы 28 ақпанда Минскте өтеді деп жоспарлануда.