Қазақстаннан келген студенттер Минскте өткен «Жұлдызды жорыққа» қатысты

Қазақстаннан келген студенттер Минскте өткен «Жұлдызды жорыққа» қатысты

Минск, 2023 жылғы 24 қаңтар-Белорус халқының жауынгерлік және еңбек даңқы орындары бойынша іздестіру жасақтарының 58-ші «Жұлдызды жорығының» басталуына арналған салтанатты митинг өтті.

Аталған іс-шараға қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы Манар Үсенова және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері қатысты.

Қазақстандық іздестіру жасақтары дәстүрлі түрде Беларусьпен бірлескен жорықтарға қатысып, Ұлы Отан соғысы батырларының есімдерін мәңгі сақтау бойынша үлес қосуда. 

Іздестіру жасақтары жұмысының арқасында көптеген жауынгерлердің сүйектері табылды, белгісіз батырлардың есімдері анықталды, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың марапаттары отбасыларына тапсырылды.

5 елді (Беларусь, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан) қамтыған 250-ден астам студенттер мен ұстаздар Минск, Брест, Гродно, Гомель және Могилев облыстарының аймақтарына жорыққа аттанады.

Жорық барысында студенттер мен ұстаздар соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесіп, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер мен бейбіт тұрғындардың бейіттеріне гүл шоқтарын қояды және Беларусь елінің тарихи орындарымен танысады.