Минск, 2023 жылғы 24 қаңтар - Беларусь мемлекеттік университетінде Беларусь Республикасының дипломатиялық қызметі күніне орай «Болашақ дипломатиясы» сараптамалық бастаманың қорытынды іс-шарасы өтті.
«Болашақ дипломатиясы» - бұл Беларусьтің әртүрлі университеттерінің, ең алдымен Беларусь мемлекеттік университетінің, Беларусь мемлекеттік экономикалық университетінің, Беларусь Республикасының Президенті жанындағы Басқару академиясының, Минск мемлекеттік лингвистикалық университетінің және т.б. халықаралық қатынастарға маманданған және қызығушылық танытқан студенттерімен, магистранттары және аспиранттарымен өткізілетін іс-шаралар кешені.
Аталған іс-шараға қазылар алқасы ретінде Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы Алмас Кенжебеков қатысты.
Іс-шарада Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері сараптамалық бастамаға қатысу барысында дайындаған халықаралық қатынастар саласындағы жобалар мен талдамалық жазбаларды ұсынды.