
Минск, 2022 жылғы 15 желтоқсан - «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры алғаш рет үлкен құрамда Минскке гастрольге аттанды.
17 желтоқсанда Беларусьтің Үлкен театрында өтетін Рождестволық форум аясында Қазақстан ең көп сұранысқа ие қойылымдарының бірі – Дж.Россинидің «Жібек баспалдақ» туындысын ұсынады. Бәлкім, белорус көрермендері бұл қойылымды алғаш рет көретін болар.
«Біз барлық танымал шығармашылық ұжымдармен, оның ішінде Беларусьтің Үлкен театрымен достық қарым-қатынастамыз. Осы жылдың күзінде ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, оның аясында біздің алмасу турларымыз белсенді өтіп жатыр. Мысалы, Беларусь опера және балет жұлдыздары «Астана Операда» өтетін «Жібек жолы» халықаралық фестиваліне қатысуда.
Жетекші әртістер Людмила Хитрова мен Дмитрий Уксусников Л.Минкустың «Дон Кихот» балетінде тамаша өнер көрсетті, ал жақын арада Беларусь опера солистері - Дарья Горожанко мен Александр Михнюк П.Чайковскийдің «Евгений Онегин» спектакліндегі басты партияларды орындау үшін сахнаға шығады, - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров. Өз кезегінде, біз XII Минск халықаралық Рождестволық опера форумына қатысуға шақыру алғанымыз үшін қуаныштымыз. Біздің әртістер белорус көрермендеріне Дж.Россинидің «Жібек баспалдақ» операсын ұсынып, тамаша көңіл-күй сыйлайтынына және осылайша біздің екі театр арасындағы шығармашылық байланыс одан әрі нығая түсетініне сенемін. Бір қызығы, биылғы маусым екі театрға мерейтойлық мереке: қыркүйекте «Астана Опера» театрына 10 жыл толса, ал Беларусь Үлкен театры 90 жыл бойы өз тарихын жазып келе жатқанын білесіздер.
Қараша айының басында халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының примасы Салтанат Ахметова Беларусь Үлкен театр сахнасында Моцарттың «Сиқырлы флейта» операсында түн патшайымының партиясын орындады. Енді бір айдан кейін Салтанат Ахметова өз әріптестерімен бірге 17 желтоқсанда Минск сахнасында Дж.Россинидің «Жібек баспалдақ» спектаклінде және 18 желтоқсанда әлемдік опера жұлдыздарының Гала-концертінде өнер көрсетеді.
«Жібек баспалдақ» спектаклі алғаш рет «Астана Операсында» 2019 жылы қойылды – «Piccolo театры» жобасын ашты. Сол жылдың қазан айында труппа осы қойылыммен Санкт-Петербургте гастрольдік сапармен болды, ал 2022 жылы «Жібек баспалдақ» Қазақстанның бес қаласын аралады. Қойылым режиссері Алла Симонишвилидің (Италия) ең алдымен көрерменге қуаныш пен шаттық сыйлағысы келгені туралы ниетін Манана Гунияның (Италия) костюмдері арқылы көруге болады. Операның талантты жарқын әртістері туралы сыншылар мен журналистер талай рет жазған болатын.
Белорус көрермен Беларусьтің Үлкен театр сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметованы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтайды, Артур Ғабдиевті, Әлихан Зейноллды, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Желтыргузовты, Алтынбек Әбілдті, Салтанат Мұратбекованы, Малика Минизиниді, Ержан Саиповты, Евгений Чайниковты, Руслан Кеңесті және дирижер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинді көреді деп жоспарлануда.