Минскте Қазақстан халқы тілдері күні атап өтілді

Минскте Қазақстан халқы тілдері күні атап өтілді

Минск, 2022 жылғы 5 қыркүйек – Минск қаласындағы М.О.Әуезов атындағы №143 орта мектепте Қазақстан халқы тілдері күні атап өтілді.

Беларусь астанасының төрінде орналасқан бұл оқу орнында Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің қатысуымен бірлескен іс-шараларды өткізу игі дәстүрге айналды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы тілдері күні республикамыздың көпұлтты халқының табиғи қажеттіліктерін қолдауға бағытталған еліміздің мемлекеттік саясатына сәйкес келеді және ұлтаралық қатынастардың тарихи қалыптасқан үлгісін көрсетеді.

Көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет болып табылатын Беларусь үшін қазақстандық тәжірибе, оның ішінде тілдік қолдау саласындағы тәжірибе қызығушылық тудырады және практикалық қолдау табуда.

Беларусьте Қазақстан халқы тілдері күнін өткізу орны кездейсоқ таңдалмаған, Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінің қолдауымен 2020 жылы №143 М.О.Әуезов атындағы мектепте Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту сыныбы ашылды, ал мектеп кітапханасының қоры қазақстандық авторлардың артефактілері және жаңа басылымдарымен толықты, оның ішінде белорус тіліне аударылған басылымдар да бар.

Қазақстан халқы тілдері күні аясында мектеп оқушылар мен ұстаздар қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, араб грамматикасы негізде жасалған ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсыновқа арналған спич пен эссе дайындады.

А.Байтұрсынұлы басып шығарған алғашқы әліппе мен басқа да қазақ тіліндегі оқулықтар мерекелік және танымдық іс-шараға қатысқан мектеп қауымының ерекше қызығушылығын тудырды.

М.О.Әуезов мектебінің бастауыш және орта сынып оқушылары қазақ және белорус тілдерінде өлең оқыды.

4-сынып оқушысы Михаил Павлов А.Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» өлеңін орындаса, 9-сынып оқушысы Наталья Любимова белгілі белорус жазушысы Якуб Коластың «О, край родны, край прыгожы» өлеңін оқыды.

Мектептің  бір топ оқушылары Е.Рубановская, Д.Суша, А.Довнар, М.Шеремет, А.Эрмондраут, Е.Падливалчева елтанудан шығармашылық баяндамалар әзірлеп, Қазақстан туралы өз ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар Қазақстан халқы тілдері күні аясында мектеп атымен аталған көрнекті жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойын атап өту жоспары талқыланды.