Беларусь университеттерінің студенттері Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі ұйымдастырған «Қоғамдық дипломатия: теория және тәжірибе» атты семинарға қатысты

Беларусь университеттерінің студенттері Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі ұйымдастырған «Қоғамдық дипломатия: теория және тәжірибе» атты семинарға қатысты

Минск, 2022 жылғы 2 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Беларусь мемлекеттік университетінің Халықаралық қатынастар факультетімен (бұдан әрі – БМУ) бірлесе отырып, Беларусь мемлекеттік лингвистикалық университетінің, Беларусь Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және Беларусь мемлекеттік университетінің студенттеріне, аспиранттарына және тағылымдамадан өтушілеріне арналған «Қоғамдық дипломатия: теория және тәжірибе» атты семинар өтті.

Семинар барысында қатысушыларға биылғы жылы Қазақстан Республикасының саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларында жүргізіліп жатқан реформалар туралы ақпарат берілді.

Қазақстандық дипломаттар 2022 жылғы 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының қорытындыларына, сондай-ақ Жаңа Әділетті Қазақстанды құру аясындағы саяси жаңғыртудың негізгі басымдықтарына тоқталды.

Президенттік сайлаудан кейін саяси жаңғыру үдерісі жалғасатыны айтылды. Бұл ретте тыңдармандардың назары президенттік сайлау кезіндегі дауыс беру ұлттық заңнамаға және халықаралық стандарттарға сәйкес әділ және ашық өткенін мәлімдеген халықаралық байқаушылар мен журналистердің берген бағасына аударылды.

Бұған қоса халықаралық қатынастар саласындағы белорус мамандарына Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына және Беларусьте Қазақстанның Мәдениет күндерін мерекелеуге арналған іс-шаралар таныстырылды.

Семинар соңында қазақстандық дипломаттар Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығының өзекті бағыттары бойынша тыңдармандарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.