
Минск, 2022 жылғы 20 қараша - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі, ТМД Жарғылық органдары жанындағы Тұрақты өкілі Асқар Бейсенбаев Беларусь БАҚ өкілдеріне арналған брифингте елімізде өтіп жатқан Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауының маңыздылығын атап өтті.
«Бүгін Қазақстан үшін маңызды әрі аса жауапты күн. Өйткені біз өз даму жолымызды, мемлекетіміздің даму жолын таңдаймыз. Қазақстанда Конституцияны өзгерту бойынша референдум өтті, саяси реформалар жалғасуда. 77 пайыз Конституцияға өзгерістер енгізу үшін дауыс берді, яғни Қазақстан жаңа бағытқа бет алды. Бүгінде еліміздің азаматтары өз мемлекетінің даму жолын таңдауға өздерінің конституциялық құқығын іске асыруда», - деді Елші.
«Біз Президентті 7 жылға және бір мерзімге ғана сайлаймыз. Сондықтан әр сайлаушының өз жауапкершілігінің толықтығын түсінуі және сайлауға қатысуы өте маңызды. Бұл-Қазақстанның саяси жаңғыруының кезекті кезеңі. Қазақстан саяси реформаларды дәйекті түрде жүргізіп келеді және біздің еліміз жаңа әділ болашақ құратынына сенімдіміз», - деп А.Бейсенбаев журналистерге қазіргі сайлаудың ерекше маңыздылығының себептерін түсіндірді.
Елші және оның жұбайы өздерінің конституциялық міндеттерін орындап, №263 сайлау учаскесінде дауыс берді және сайлаушылардың белсенді ағымына қарап, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.
Елші БР БАҚ өкілдерімен өз әсерімен бөлісті. Сондай-ақ ол «СБ. Беларусь сегодня» газеті тілшісінің «Дипломат не үшін дауыс берді ?» деген сұрағына жауап берді.
«Мен балаларым мен немерелерімнің өмір сүріп, одан әрі дамытқанын қалайтын тұрақты нағыз Қазақстанды таңдаймын. Гүлденген, тұрақты Қазақстан»,- деп жауап берді А.Бейсенбаев.
«Мен сайлау учаскесінің ашылуынан бері осындамын. Учаске ашылғаннан кейін, сайлаушылар бірден дауыс беруге кетті. Таңертең кішкентай балалары бар жанұялардың келгені ерекше қуантады. Барлығы өте жақсы көңіл-күймен, позитивті көзқараспен келді», - деді ТМД байқаушылар миссиясының мүшесі Ольга Кремская.
Ол, сондай-ақ сайлау комиссиясының дайындық жұмысының жоғары деңгейін атап өтті.
«Сайлау комиссиясы, оның ішінде ақпараттық стендтерді дайындау бойынша үлкен жұмыс жүргізді, барлық қажетті ақпаратты ұсынды», - деп өз сөзін аяқтады О.Кремская
ТМД Парламентаралық Ассамблеясының тағы бір халықаралық байқаушысы, Демократияның, парламентаризмнің дамуын және ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының сайлау құқықтарының сақталуын мониторингілеудің халықаралық институтының сарапшысы Анатолий Бояшов журналистерге өз жұмысы туралы түсініктеме бере отырып, ол былай деді: «Бүгінгі сайлау сайлаушыға түсінікті, нақты рәсіммен өткізіліп жатыр. Бұған дәлел ретінде қатысушылардың жоғары белсенділігі. Біз көптеген жастарды көріп отырмыз, бұл жас буын өкілдерінің ел болашағына немқұрайлы қарамайтынын білдіреді және жастардың абсентеизміне қатысты кейбір бағалауларға қайшы келеді. Минсктегі шетелдік сайлау учаскесінде сайлаушылар өте белсенді дауыс беруде, сайлау комиссиясы бұл процеске өте кәсіби түрде келді: сайлау учаскесінде комиссияның барлық мүшелері жұмыс істейді, халықаралық байқаушылар мен БАҚ өкілдері қатысуда. Жағымды әсерлерге бөленіп отырмыз. Сайлауды ұйымдастыруға іштен де, сырттан да қауіп төніп тұрған жоқ, бәрі ойдағыдай өтіп жатыр. Біз байқаушы ретінде бәрін бақылап, түртіп отырмыз».