Беларусьтің әскери ардагері Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ партизандар туралы мұрағаттық материалдарды Қазақстан Елшілігіне тапсырды

Беларусьтің әскери ардагері Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ партизандар туралы мұрағаттық материалдарды Қазақстан Елшілігіне тапсырды

Минск, 2022 жылғы 7 қараша - күздің бір күнінде Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігіне Минск облысы Ислач ауылының әскери зейнеткері Владимир Дмитриевич Аткаев қоңырау шалып, Ұлы Отан соғысы кезінде фашистік басқыншыларға қарсы соғысқан партизан жерлестері туралы Беларусьтің Республикалық мемлекеттік мұрағатында материалдар жинау барысында, қазақ партизандар туралы деректерге тап болғанын және оған немқұрайлы қарай алмағанын хабарлады.

Ол жеті Қызыл Армия жауынгерлерінің жеке құрамы мен марапаттау парақтарының көшірмелерін жасап, Елшілік қызметкерлеріне табыс еткісі келетінін айтты.

2022 жылғы 7 қазанда Владимир Дмитриевич өз немересі Полинамен бірге Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінде қонақ болды. Дәл сол күні Брест бекінісін қорғаған қаһармандарға арналған бірнеше кітаптардың авторы, белгілі ізденуші профессор Лайла Ахметқызы Сейсембекова Алматыдан Минск қаласына ұшып келді.

Қазақстан Елшілігі қонақтарды «Жаңа Қазақстан» залында қарсы алды.

Зал экспозицияларының бірі Ұлы Отан соғысына, Қазақстан мен Беларусь өңірлерінен Қызыл Армия қатарына шақырылған жауынгерлердің фашизмді жеңуге қосқан үлесіне арналған болатын.

Мұнда Беларусьті шетелдік басқыншылардан қорғағаны және азат еткені үшін жоғары наградаларға ие болған қазақстандық 84 Кеңес Одағы Батырының портреттері ілінген мемориалдық қабырғада В.Аткаев жинаған мұрағат материалдары Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігіне табыс етілді. Осылайша, Елшіліктің «Жаңа Қазақстан» залының экспозициясы толықты:

- 2-ші Минск бригадасының жауынгері, Семей облысы Аягөз ауданының тумасы Тюмграз Дюсембаевты «Жауынгерлік Қызыл Ту Орденімен» марапаттау парағының көшірмесі (қайтыс болғаннан кейін);

- «Ленин» орденімен, «I-дәрежелі Отан соғысы орденімен», «I-дәрежелі Отан соғысының партизаны» медалімен марапаттау туралы Алматы қаласынан шақырылған капитан, Орджоникидзе партизан отрядының командирі Ғалым Ахмедиярұлы Ахмедияровқа арналған марапаттау парақтарының көшірмелері, сондай-ақ кадрлық есепке алу және өмірбаяндық толықтырулар үшін өз қолымен толтырған жеке парағы;

- «ІІІ-дәрежелі Даңқ ордені» және «І-дәрежелі Отан соғысының партизаны» медалімен марапаттау туралы Ташкент облысы В-Ширман ауданы Қызыл-Юлдыс колхозынан шақырылған Баранович облысы Зайцев партизан отрядының қазақ жауынгері Мырзахмет (Михаил) Тұтқұшбаевтың жеке парағы мен марапаттау парағының көшірмелері;

«II-дәрежелі Отан соғысының партизаны» медалімен марапаттау туралы Ақтөбе РВК атынан шақырылған Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Егінсу ауылының тумасы, Могилев облысы 113 партизан отрядының кіші сержанты Борис Ғалиевтің жеке парағы мен марапаттау парағының көшірмелері;

 -«Ленин Орденімен» марапаттау туралы Алматы қаласының тумасы, ротаның саяси жетекшісі Балқибек Ахметовтің жеке парағы мен марапаттау парағының көшірмелері;

- «I-дәрежелі Отан соғысының партизаны» медалімен марапаттау туралы Семей қаласының тумасы, отряд комиссары, «Большевик» партизан отрядының кіші саяси жетекшісі Уәли Балжанұлы Оразбаевтың жеке парағы мен марапаттау парағының көшірмелері.

Іс-шара қатысушылары жерлестеріміздің ерліктерімен танысты, оның ішінде қайтыс болғаннан кейін марапатталған Тюмграз Дюсембаевтың жауынгерлік жолын ерекше мақтаныш сезімімен және қайғы-қасіретпен оқыды: «Мен хабаршы міндетін орындадым, кез келген уақытта қауіп төніп тұрса да. мен штабтан отрядқа, отрядтан штабқа ақпаратты дер кезінде жеткізіп отырдым». Тюмграз Дюсембаев бірнеше шайқастарға қатысқан ержүрек жауынгер. Сол шайқастардың бірінде шабуылға бірінші шығып,  74 гитлер әскеріне және 8 автокөлікке оқ жаудырды. Полиция гарнизоны жеңіліске ұшырағанда (Дражно) ол бірінші болып гарнизон орналасқан жерге басып кірді. Сол шайқаста қаншама қайсар, ержүрек жауынгерлер қаза тапты.

Әр батырдың тарихы терең құрмет пен мақтаныш сезімін тудырады. Бұл құжаттар Елшілікте мұқият сақталады.

«Беларусь жерін фашистік басқыншылардан азат ету жолында ерлікпен шайқасқан, ерлігі мен қайсарлығы үшін, өмірі мен қанын төккен Қазақстан халқына алғысым шексіз. Сондай-ақ адамзат тарихындағы ең қанды соғыстан аман өтіп, фашизмді талқандаған кеңес халқының ұлы ерлігін есте қалдырған тәуелсіз Қазақстанның барша азаматтарына зор алғыс айтамын», - деді В.Аткаев.

Беларусьте Ұлы Отан соғысының батырларына аса құрмет көрсетіліп, биылғы жыл Беларусьте «Тарихты есте сақтау жылы» деп жарияланды.

Ал Беларусь азаматының қазақ партизандар туралы мұрағаттан тапқан құжаттарды Қазақстан Елшілігіне тапсыруды өз міндетім деп санауы жалпы беларусь халқына тән қасиет және Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасы үшін терең символдық сипатқа ие.

Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Асқар Бейсенбаевтың Владимир Дмитриевич Аткаевқа барлық бауырлас елдердің қаза тапқан ұлдарын еске алуға ұқыпты қарағаны, өз бастамасымен жоғалған сарбаздардың есімдерін тарихқа қайтару үшін іздестіру жұмыстарын жалғастырғаны үшін алғыс хаты табыс етілді.