Қазақстан және Беларусь дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтуде

Қазақстан және Беларусь дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтуде

Минск, 2022 жылғы 16 қыркүйек – бүгін Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтуде.

Осы жылдар ішінде елдер саяси және әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастықтың барлық салаларындағы ынтымақтастықтың институционалдық негізін құрды. Бүгінгі таңда Беларусь-Қазақстан ынтымақтастығының шарттық-құқықтық базасы 80-нен астам халықаралық шарттарды қамтиды, олардың негізгісі 2026 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық туралы шарт болып табылады.

Екіжақты және көпжақты форматта жұмыс кездесулерді өткізу, сондай-ақ тұрақты телефон арқылы сөйлесу барысында мемлекетаралық өзара іс-қимылды жеке жүзеге асыратын екі мемлекет басшыларының рөлін ерекше атап өткен жөн.

Дипломатиялық қатынастардың 30 жыл толу күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь Президенті Александр Лукашенко құттықтау хаттарымен алмасты.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Беларусь Президенті А..Лукашенкоға арнаған құттықтауында «өткен онжылдықтар ішінде бірлескен күш-жігерімізбен біз достықтың, сенім мен өзара қолдаудың берік байланыстарына негізделген көп қырлы мемлекетаралық қатынастарды құра алдық. Бұған барлық деңгейдегі белсенді саяси диалог, сауда-экономикалық кооперацияны үдемелі кеңейту және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту дәлел бола алады», делінген.

 «Біздің бірлескен жұмысымыз алдағы уақытта екіжақты форматта да, өңірлік интеграциялық бірлестіктер аясында да қазақстандық-белорус өзара іс - қимылының елеулі әлеуетін іске асыруға ықпал ететініне сенімдімін», - деп Қ.Тоқаев өз құттықтау жолдауында атап өтті. Қазақстан Президенті Беларусь Президентіне жауапты мемлекеттік қызметте мол табыс, ал дос Беларусь халқына амандық пен гүлдену тіледі.

Беларусь Президенті А.Лукашенконың Қазақстан басшысы Қ. Тоқаевқа жолдаған құттықтауында былай делінген: «Беларусь-Қазақстан ынтымақтастығы тарихындағы жаңа онжылдық қарсаңында біз достық пен өзара қолдаудың берік іргетасында сенімді тұрғанымызды қанағаттанушылықпен атап өтемін. Бүгінгі таңда екіжақты диалог ең жоғары деңгейде, шынайы одақтастық пен стратегиялық серіктестік рухына жауап береді».

Сондай-ақ А.Лукашенко Қазақстан Президентіне жолдаған құттықтауында «құрмет пен сенімге негізделген Беларусь пен Қазақстан саяси байланыстарды дамытып, экономикадағы бірлескен жобаларды алға жылжытып, парламентаралық және өңіраралық байланыстарды кеңейтіп, нығайтып отырғанын» атап өтті.

Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толу - мерейтолық датаны мемлекетаралық деңгейде атап өту аясында Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Асқар Бейсенбаев Беларусь Сыртқы істер министрінің орынбасары Юрий Амбразевичпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Беларусь Президенттерінің мерейтойлық күнмен құттықтау жолдаулары  табыс етілді.

Сұхбат барысында Қазақстан Республикасының Елшісі А.Бейсенбаев Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ю.Амбразевичті қазақстандық-белорус қатынастардың қазіргі жағдайы мен  Қазақстан және Беларусь арасындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейінің сақталуы туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, А.Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына арналған Жолдауында көрініс тапқан маңызды саяси өзгерістер туралы айтып берді.

Ю.Амбразевич белорус тарапының атынан Қазақстан-Беларусь қатынастары мен ынтымақтастығын жоғары бағалап, екіжақты қатынастардың сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары интеграциялық бірлестіктер аясындағы әріптестік және одақтастық қатынастарды растады.