Елші А.Бейсенбаев аты аңызға айналған белорус палуаны Александр Медведті 85 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

Елші А.Бейсенбаев аты аңызға айналған белорус палуаны Александр Медведті 85 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

 

Минск, 2022 жылғы 16 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаев әлемнің жеті дүркін чемпионы, еркін күрестен Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Александр Медведті құттықтады.

А.Бейсенбаев өз құттықтау сөзінде «Ұрпақ бар, дәуір бар, аңыз бар. Біз үшін сіз ең құрметті аңыздардың бірісіз. Мыңдаған және мыңдаған біздің балаларымыз сізді үлгі тұтып өсті».

«Сіздің мерейтойыңызды Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығында атап өтуімізді символикалық деп санаймын.

Сіз мемлекеттерімізді, халықтарымызды жақындастыруға баға жетпес үлес қостыңыз және халықтық дипломатияның жарқын өкілі болып табыласыз», - деді Елші.

Сондай-ақ А.Бейсенбаев мерейтой иесіне Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың еркін күрес пен жалпы олимпиадалық қозғалысты дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін А.В.Медведке терең құрмет білдірген құттықтау хатын табыс етті.

«Тынымсыз еңбек пен жоғары шеберліктің арқасында сіз ең жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткіздіңіз, бұл бүгінде жас спортшыларға шабыт береді. Сіздің есіміңіз әлемдік күрес шежіресіне алтын әріптермен жазылды», - делінген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің құттықтауында.

Минск қалалық мэриясында өткен салтанатты рәсім, бұл күні Олимпиялық Даңқ залына айналды, Александр Карелин, Александр Тихонов, Михаил Мамиашвили секілді олимпиада чемпиондарын жинады.

Халықаралық күрес федерациясы ХХ ғасырдың еркін стилінің үздік палуаны деп таныған А.Медведке Беларусьтің басшылары мен көрнекті саяси қайраткерлері, оның ішінде Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысы Республика кеңесінің төрағасы Наталья Кочанова, Беларусьтің Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Виктор Лукашенко құрмет көрсетті.

Салтанатты іс-шараға жиналғандарға төр иесінің өмірі мен жеңістері туралы деректі фильм көрсетілді, ол туралы оның қарсыластары былай деді:«Медведь кілемде тұрғанда, бұл жерде бізге орын жоқ». Фильмде Олимпиада чемпионы өзінің өмірлік ұстанымдарымен бөліседі, оның басты қағидаты «Бүкіл өмір-күрес».

Басқосу соңында жиналған қауымның зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеген ақ тілектерінен кейін, меретой иесі: «Мен күресуді жалғастырамын», - деп шынай алғысын білдіре отырып, өз сөзін аяқтады.