Витебскте ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілдері кеңесінің көшпелі отырысы өтті

Витебскте ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілдері кеңесінің көшпелі отырысы өтті

Витебск, 2022 жылғы 25 тамыз - Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаевтың төрағалығымен ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

Отырысқа ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері, ТМД Атқарушы комитеті төрағасының бірінші орынбасары Л.В. Анфимов және ТМД Атқарушы комитетінің қызметкерлері қатысты.

Күн тәртіпке сәйкес Тұрақты өкілетті өкілдер бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Солардың бірі – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің қызметі. Осы мәселе бойынша бейнеконференция байланысы арқылы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі Т.А.Момышев баяндама жасады.

Тұрақты өкілетті өкілдер Мемлекетаралық кеңестің қызметі туралы есепті назарға алып, ТМД-ның басқа салалық ынтымақтастық органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Достастық елдерінің экологиялық қауіпсіздігін арттыруға, экологиялық мониторинг, қоршаған ортаға және климаттың өзгеруіне жағымсыз әсерлерді азайту жөнінде бірлескен іс-шаралар өткізуге бағытталған міндеттерді іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілдері 28 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы күн тәртібінің жобасын қалыптастырды.

Сондай-ақ, отырыста күн тәртіптегі өзекті мәселелердің бірі ретінде 2022 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы қаралды.

Сонымен қатар Кеңес отырысы аясында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері Витебск облысының басшылығымен кездесті.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің келесі отырысы 2022 жылғы 30 қыркүйекте Минск қаласында өтетін болады.