Қазақстан Елшісі Израиль мемлекетінің дипмиссиясы басшысымен кездесті

Қазақстан Елшісі Израиль мемлекетінің дипмиссиясы басшысымен кездесті

Минск, 2022 жылғы 24 тамыз – Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігінде Қазақстан Елшісі Асқар Бейсенбаев Израиль мемлекетінің дипмиссиясы басшысы Цви Миркинмен кездесті.

Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі туралы талқылады.

Елші А.Бейсенбаев Израиль дипломатын Қазақстанның саяси және экономикалық реформалары және Қазақстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық ету барысы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.