
Минск, 2022 жылғы 17 маусым - Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Асқар Бейсенбаев Ұлттық маркетинг орталығының директоры Николай Борисовичпен кездесті.
Кездесу барысында Ұлттық маркетинг орталығының сыртқы экономикалық қызметті сүйемелдеу құралдары ұсынылды.
Тараптар Беларусь-Қазақстан іскерлік ынтымақтастығын кеңейтуге Ұлттық маркетинг орталығын тарту мүмкіндіктерін талқылады.
Сонымен қатар Ұлттық маркетинг орталығы Беларусь және Қазақстанда бизнес жүргізу шарттары мен Беларусьте қазақстандық бизнес-миссияларды ұйымдастыруға арналған онлайн-іс-шараларды өткізуге әзір екендігін жеткізді.
Қазақстан Елшісі елдер арасындағы іскерлік байланыстарды орнатудағы Ұлттық маркетинг орталығының стратегиялық рөлін атап өтті https://www.sb.by/articles/natsionalnyy-tsentr-marketinga-provedet-onlayn-meropriyatiya-po-usloviyam-vedeniya-biznesa-v-belarus.html .