Қазақстан және Гомель облысы арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамыту бойынша перспективалар талқыланды

Қазақстан және Гомель облысы арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны дамыту бойынша перспективалар талқыланды

Гомель, 2022 жылғы 7 шілде - Қазақстанның Беларусьтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаев Гомель облысына жұмыс сапармен барды. 

Сапар барысында Елші өңірдің бірқатар өнеркәсіп орындарын аралады және Гомель облысы атқарушы комитетінің төрағасы Иван Крупкомен кездесті.

Сұхбат барысында Елші Қазақстан мен Беларусь тәуелсіздік алған сәттен бастап, стратегиялық серіктестер болып табылатынын және елдер арасында берік достық қарым-қатынас пен сенімді серіктестік қалыптасқанын атап өтті.

Сондай-ақ А. Бейсенбаев экономикалық өзара іс-қимылды және өндірістік кооперацияны, әсіресе агроөнеркәсіптік саладағы ынтымақтастықты арттыру үшін жоғары әлеуетті атап өтті. Атап айтқанда, сүт және ет өнімдерін өндіру, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды шығару бойынша бірлескен кәсіпорындарды құру мүмкіндіктері талқыланды.

«Өздеріңіз көріп отырғандай, біздің елдер арасындағы ынтымақтастықтың қазірдің өзінде қалыптасқан деңгейі және оны одан әрі дамыту әлеуеті айтарлықтай жоғары.

Қазақстан және  Беларусь ЕАЭО шеңберіндегі экономикалық интеграция жолымен дәйекті түрде жүріп келеді, бұл біздің елдерге өсу үшін қосымша мүмкіндіктер береді», - деді А.Бейсенбаев.  

Кездесу барысында И.Крупко Қазақстанмен ынтымақтасу Гомель облысының сыртқы экономикалық байланыстарын дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылатынын айтты.

Қазақстан және өңір арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Осылайша, 15 жыл ішінде «Гомсельмашпен» бірлесіп құрылған «Агромашхолдинг» кәсіпорны 3700-ден астам ауылшаруашылық техникасын шығарды. Сонымен қатар оның айтуынша, өткен жылы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар бірлескен іс-шаралар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Қазақстанда Беларусь технологияларын, жабдықтары мен материалдарын пайдалана отырып, сүт-тауар кешенін құру жобасы талқыланды.

«Біздің кәсіпорындарымыз Ресей кәсіпорындарымен кооперациялық байланыстарды дамыту бойынша, Қазақстанмен импортты алмастыру бойынша, логистика мүмкіндіктер бойынша, басқа елдермен өзара тиімді шарттарда ынтымақтасу бойынша байыпты ниетті, өйткені тату көршілік, экономикалық байланыстарды дамыту және бір - бірін құрметтеу - бұл басымдық екенін олар да жақсы түсінеді», - деді Гомель облысы атқарушы комитетінің төрағасы.

А.Бейсенбаев Гомель облысына жұмыс сапары барысында Жлобин ауданының Красный Берег қаласындағы «Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған ескерткіш» мемориалдық кешеніне барды.

А.Бейсенбаев жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында «Беларусьтің тарихқа, Ұлы Отан соғысының құрбандары мен батырларын еске алуға деген көзқарасы, сондай-ақ барлық ақпарат пен шындық мемлекеттік деңгейде қорғалуы, болашақ ұрпаққа берілуі менің ойымша мемлекет жұмысының маңызды бағыттарының бірі, - деп атап өтті.

Елші «Майдан жолы» Павлодар іздестіру зерттеу жасағының жақында аяқталған Витебск облысы Дубровен ауданындағы экспедициясы туралы айтып берді. Іздестіру барысында 18 қызыл әскердің сүйектері, жауынгерлік төсбелгілер мен ордендері және жеке заттары табылды. Қаза тапқан батырлардың есімдері әлі анықталмады, бірақ осы жерге жақын Беларусьті фашистік басқыншылардан азат ету кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арналған «Рыленка» мемориалында ескерткіш орнатылды.

«Тарихи еске алу жылы жалғасуы тиіс. Тарихи шындықты сақтап қана қоймай, оны жаңа, келер ұрпаққа жеткізу маңызды», - деп А.Бейсенбаев өз сөзін аяқтады.