
Минск, 2 маусым – Қазақстанның Дипломатиялық қызметінің 30
жылдығына орай, ҚР-ның БР-дағы Елшілігінің қызметкерлері мен олардың
отбасы мүшелері 30 шақырымдық веломарафон өткізді.
1992 жылғы 2 шілдеде «Сыртқы істер министрлігі туралы», «Қазақстан
Республикасының Елшілігі туралы» және «Қазақстан Республикасының
Төтенше және Өкілетті Елшісінің негізгі міндеттері мен құқықтары туралы»
ережелерді бекіткен Қазақстан Президентінің Жарлықтары қабылданды, бұл
елдің сыртқы саяси ведомствосы қызметкерлерінің кәсіби мерекесін құруға
негіз болды.
Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанның сыртқы саясатының
негізгі қағидаттары көп векторлы және теңгерімділік болып табылады, бұл
мемлекеттің сыртқы шекараларының периметрі бойынша тұрақтылық пен
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ішкі даму үшін қолайлы жағдайлар
жасауға мүмкіндік берді.
Кәсіби мереке қарсаңында Қазақстан Республикасының Төтенше және
Өкілетті Елшісі А. Бейсенбаев шетелдік мекеме ұжымын кәсіби мерекемен
құттықтады.
Елші сыртқы саяси күрделі жағдайда Елшілік ұжымы Қазақстанның
халықаралық аренадағы беделін дәйекті түрде нығайтуды жалғастыра отырып,
Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді орындауға баса назар аударатынын
атап өтті.