ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық Референдумға Беларусьте 200 қазақстандықтар қатысты

ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық Референдумға Беларусьте 200 қазақстандықтар қатысты

Минск, 5 маусым. Беларусьте Қазақстанның Минсктегі Елшілігі жанынан ашылған № 263 және Брест қ. Консулдығы жанынан ашылған № 298 учаскесінде Қазақстан Республикасының негізгі Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық Референдумға қатысуға 200-ге жуық адам ниет білдірді.

«Минсктегі сайлау учаскесі таңғы 7:00-де басталып кешкі 20:00-де аяқталды. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық Референдумға қатысу үшін сайлау құқығы бар, Беларусьтің әртүрлі өңірлерінде уақытша тұратын отандастарымыз келді. Мұнда негізінен студенттер, беларустық компанияларда еңбек келісім-шарттары бойынша жұмыс істейтіндер, сондай-ақ іссапарлар мен іскерлік сапарларда жүрген адамдар келді.  Минскте белсенді сайлау құқығына ие референдумға қатысушылардың мәлімделген тізімінің 93%-дан астамы дауыс берді, олардың 96%-дан астамы конституциялық реформаға қолдау білдірді» - деді Минск қаласындағы Референдум комиссиясының Төрағасы, Елшіліктің кеңесші-уәкілі Қайрат Аман. 

Референдумға Қазақстанның Беларусьтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Бейсенбаев жұбайымен, сондай-ақ Елшілік дипломаттары мен олардың отбасы мүшелері қатысты.

Брест қ. Референдум комиссиясының Төрағасы - Консул Айдар Шалбаевтың ақпараты бойынша Қазақстанның 56 азаматы дауыс беру құқығын пайдаланды, олардың 93%-ы талқылауға шығарылған мәселе бойынша оң шешімі үшін дауыс берді. 

Минск пен Бресттегі Референдумның барысын ТМД Атқарушы Комитеті мен ТМД Парламентаралық Ассамблеясының халықаралық байқаушылары қадағалады.

ТМД байқаушылар миссиясының өкілі Ольга Кремская «МИР» телеарнасына берген сұхбатында «Мен, № 263 Референдум учаскесінде, оның ашылуынан бастап таңғы 7:00-ден тұрмын. Учаске өте жақсы безендірілген, фойедегі арнайы стендпен кез келген сайлаушы таныса алатын барлық қажетті ақпараттық материалдар орналастырылған. Адамдар жақсы көңіл-күймен, отбасыларымен, балаларымен келді. Ешқандай бұзушылықтар тіркелген жоқ» - деді.

«Біз Қазақстанда 40 жылдан астам өмір сүріп жатырмыз және біздің еліміздің жарқын болашағы туралы армандаймыз, сондықтан бүгін біз Референдумға азаматтық парызымызды орындауға келдік, оның нәтижелері біздің Отанымыздың тағдырын, болашағын анықтайды» - деді Минск облысының Логойск қаласынан келген Светлана мен Эдуард Обатниндер.

ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Референдум барысы Беларусь БАҚ-тарында көрініс тапты.